«Арай» 110/20 кВ қосалқы станциясының құрылысы

«Арай» 110/20 кВ қосалқы станциясының құрылысы

2025 жылы Астана қаласында жалпы қуаты 80 МВА болатын, 110/20 кВ кернеулі екі күштік трансформатормен жабдықталған «Арай» қосалқы станциясының, сондай-ақ ұзындығы 11,16 км болатын 110 кВ кабельдік электр беру желісінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Аталған жобаның іске асырылуы перспективалы құрылыс аймағындағы шамамен 80 мың тұрғынды, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды – мектептерді, ауруханаларды, балабақшаларды және Ұлы Дала даңғылы бойымен Тұран даңғылының батыс бөлігіндегі аумақтарды үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Арай» қосалқы станциясын іске қосу Астана қаласының Энергетика басқармасы, «Астана-АЭК» АҚ және «Электромонтаж» АҚ арасындағы үйлесімді және нәтижелі өзара іс-қимылдың арқасында мүмкін болды.

Жоба Астана қаласының энергетикалық инфрақұрылымын дамыту стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады және электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ елорданың туристік және инвестициялық әлеуетін дамытуға бағытталған.