
2025 жылдын 27 қараша күні Астана қаласының Байқоңыр ауданына тиесілі «Кирпичный» тұрғын алабындағы 255 үйді тұрмыстық газбен қамтамасыз етілді. Бұл жоба «QazaqGaz Aimaq» АҚ, Астана қаласының әкімдігі және ҚР Энергетика министрлігімен іске асырылды.
Игілікті іс нәтижесінде бас қаланың экологиясы мен оның шеткері аймағындағы азаматтардың өмір сүру сапасын жағдайын жақсартуға және кәсіпкерлікті дамытуға кезекті қадам жасалды. Бұл қазіргі жылу маусымы барысында аса өзекті болып отыр.