Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығымен бекітілген Жылу маусымын үздіксіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдарды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ 2025 жылғы 25 шілдеден 11 тамызға дейін 2025-2026 жылу беру маусымының үздіксіз өтуі үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдардан өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.