Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімін ұзарту туралы Анонс
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары 9-тармағының екінші бөлігіне сәйкес «Астана қаласының Энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау жүргізу мерзімі 2025 жылдың 5 тамызына дейін ұзартылғаны жөнінде хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда сіз телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 (717) 255-63-23, 8 (717) 255-69-56.