Астана қаласында МЖӘ жобасы бойынша жеке әріптесті анықтау мақсатында екі кезеңнен тұратын конкурс өткізу туралы хабарландыру

Астана қаласында МЖӘ жобасы бойынша жеке әріптесті анықтау мақсатында екі кезеңнен тұратын конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ «Астана қаласының электр желілерін салу, реконструкциялау және пайдалану – «Железнодорожный» тұрғын алабы» МЖӘ жобасы бойынша жеке әріптесті анықтау мақсатында екі кезеңнен тұратын конкурс жариялайтынын хабарлайды.

Жоба атауы: «Астана қаласының электр желілерін салу, реконструкциялау және пайдалану – «Железнодорожный» тұрғын алабы».

Жобаны іске асыру саласы: электр энергетикасы.

МЖӘ жобасының мақсаты: Астана қаласының электр желілерін салу, реконструкциялау және пайдалану, Астана қаласы Алматы ауданындағы «Железнодорожный» тұрғын алабын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету.

Жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:

МЖӘ жобаның міндеттері:

  • электр желілерін салу және реконструкциялау үшін жекеменшік инвестициялар тарту;
  • тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтау.

МЖӘ объектілерінің жобалық қуаты:

МЖӘ объектісі "Железнодорожный" тұрғын алабын электрмен жабдықтау үшін ТП, ТҚС, ТТҚС, КЖ-20кВ және ӘЖО-0,4 кВ жобалауды, салуды (реконструкциялауды) және пайдалануды қамтиды.

Жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау көзделмеген.

Жобаны жүзеге асыру орны: Астана қаласы.

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі: жобаны іске асыру мерзімі МЖӘ заңнамасына сәйкес 5 жылдан 30 жылға дейін айқындалады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке әріптестер техникалық тапсырмаға сәйкес техникалық ұсынысты, сондай-ақ «МЖӘ туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды МЖӘ веб-порталында хабарландыру орналастырылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде МЖӘ веб-порталында ұсынуға міндетті.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ.

Байланыс деректері: Электрмен жабдықтау және жобалау бөлімінің басшысы Исеналиев А.Е. тел. 55-69-37, e-mail: a.isenaliev@astana.kz.

Қажетті ақпаратты Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін және 14.30-18.00-ге дейін алуға болады.

Техникалық тапсырма осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап сұраныс бойынша беріледі.