Семинар барысында жасанды интеллектіні қолданудың өзекті құралдары қарастырылып, қатысушыларға ағартушылық контентті жасау үшін жасанды интеллектті практикалық түрде қолдану дағдылары үйретілді. Сондай-ақ, кең аудитория алдында сапалы сөйлеу дағдылары бойынша сөйлеу шеберлігі курсы өткізілді.
Семинарда тыңдаушылар үшін:
«Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директоры Ерназаров Алмас Әзімханұлы;
ҚР Психологтар мен психотерапевттерінің республикалық қауымдастығының сарапшы- психологы, БҰҰ-ның «қауіп тобы» бойынша халықаралық сарапшысы Шакимова Лола Сергеевна,
- М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ оқытушысы,
«Сөйлеу шеберлігі мектебінің» тренері Арықбаева Салтанат,
- Білім беру саласындағы Al-сарапшы, «Qalam edu tech» білім орталығының дәріскері Абильякимова Аида
баяндамалар жасады.
Сарапшылар дін саласындағы ағартушылық жұмыстарға жасанды интеллектінің заманауи құралдарын қолдану бойынша практикалық кейстер
ұсынды. Жасанды интеллектіні рухани салада пайдалану барысында этикаға ерекше назар аударылды. Қатысушылар нақты тәжірибелік жағдайларды талдап, ықтимал тәуекелдерді саралап, технологияларды ағартушылық қызметте жауапкершілікпен пайдалану бойынша ұсынымдар әзірледі.