Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен салалық мамандар қатысты. Кездесу барысында қатысушылар құқықтық сауаттылық мәселелері жөнінде өзекті ақпарат алды, ал мамандар олардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың басты мақсаты – жастарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, олардың заңды бұзатын әрекеттерге қарсы тұру қабілетін арттыру және қоғамда құқықтық сана деңгейін көтеру болды. Сонымен қатар, іс-шара қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға, өзара пікірталас жүргізуге мүмкіндік берді. Мұндай бастамалар жастардың саналы таңдау жасауына ықпал етіп, олардың өмірлік маңызды мәселелерге дұрыс көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.