27 наурыз күні қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ғимаратында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын алдын-алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті

27 наурыз күні қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ғимаратында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын алдын-алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті

Дәріске Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мен басқармаға қарасты мекеме басшылары және елордалық діни бірлестік өкілдері қатысты.

Жиын барысында «Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Қайролла Кушкалиев, бөлім басшысы Жандос Хабибулла және Діндерді зерттеу орталығының теологы Әділхан Жақсыбек қатысып, дәріс оқыды.

Аталмыш шара елімізге белгілі бапкерлер мен спортшылардың радикалды діни ағымдарға еріп кетпеуі, экстремизм мен терроризмнің құрбаны болмаудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Сонымен қатар жиын отбасы құндылығы, әсіресе спорттағы бала тәрбиесі, ар-ұят, имандылық қасиеттер төңірегінде өрбіді.

Іс-шараға қатысқан мекеме басшылары сұрақ қойып, пікір алмасты.