Астанада ресми қызмет ететін діни бірлестіктердің шығу тарихы мен олардың қызметі мен діни ғибадат ғимараттары жайында жазылған «Елорданың діни нысандары» атты энциклопедиясы таныстырылды.

Астанада ресми қызмет ететін діни бірлестіктердің шығу тарихы мен олардың қызметі мен діни ғибадат ғимараттары жайында жазылған «Елорданың діни нысандары» атты энциклопедиясы таныстырылды.

Астанада ресми қызмет ететін діни бірлестіктердің шығу тарихы мен олардың қызметі мен діни ғибадат ғимараттары жайында жазылған «Елорданың діни нысандары» атты энциклопедиясы таныстырылды.
Жиын Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкеннің төрағалығымен Дін істері басқармасының дайындаған кітаптарын тамашалауға елордалық діни бірлестіктердің басшылары, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері мен мемлекеттік органдардың қызметшілері келді.
Ашылу салтанатына Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қатысып, туындының елорда тұрғындары мен қонақтарына дін туралы таптырмас нұсқаулық болатынын атап өтті.
«Дін – халқымыздың әлеуметтік және рухани өмірінің бір бөлігі. Қазақ халқында салт-дүстүрі мен ғұрпы дінмен ұштастырылған. Салиқалы өмір сүру, дұрыс ұрпақ тәрбиелеу, келер ұрпаққа дұрыс тәрбие беру, құрметтеу, ізет көрсету қасиеттерін қалыптастыру дін мен дәстүріміздің ерекшелігі деп айтуға болады. Бұл еңбек елордалықтарға, қала қонақтарына және дін саласының зерттеушілеріне нұсқаулық болады деп ойлаймын», - деді мәслихат төрағасы.
Жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Есет Байкен діни бірлестіктердің тарихы мен культтік тәжірибесі туралы жазылған туындыны Астананың ширек ғасырдағы жетістігі деген пікір айтты.
«Бүгінгі жиын Астананың 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Дін істері басқармасымен ақылдаса келе, дін саласындағы жетістіктерді көрсету мақсатында энциклопедия жасауды ұйғардық. Ширек ғасырда біз үшін елордада атқарылған шаралар жетістік деп білемін. Үш жылда бір өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі елордамызды әлемдік және рухани диалог орталығына айналдырды. Елордадағы 14 діни конфессия мен 57 діни бірлестіктің еңбегінің арқасында 25 жылда елордадағы дін саласы өзіндік дара жолын қалыптастырды. Осы жетістіктер туралы жарыққа шыққан кітаптарда көрсетуге тырыстық», – деді қала әкімінің орынбасары.
Жаңа жинақ 16 тарауға бөлінген. Әр бөлімінде елордамыздағы конфессиялар туралы жекелеген толық ақпарат берілген.
Сондай-ақ діни бірлестіктердің шығу тарихы мен бүгінгі атқарып жатқан жұмысы туралы жазылған. Сонымен қатар түрлі діни орындардың сәулетті ғимараттарының фотолары енген.