
Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы Көшқали Қайролла Дүйсешұлы Дүниежүзілік евангелиялық альянс өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар діни саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ діни бірлестіктердің конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы рөлін талқылады.