
Іс-шара кәмелетке толмағандарды деструктивті діни ағымдар мен экстремистік идеологияның ықпалына тарту тәуекелдерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ осы саладағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталды.
👥 Семинар жұмысына ювеналдық полиция бөлімшелерінің, ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері, Астана қаласы Білім басқармасы, Спорт және дене шынықтыру басқармасы, ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, психолог-мамандар, сондай-ақ Астана қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты.
🎤 Іс-шара модераторы ретінде «AQNIET» ақпараттық-насихаттық оңалту орталығы» қоғамдық қоры директорының халықаралық және өзге де жобалар жөніндегі кеңесшісі Шауметов Алим Фазылжанұлы қатысты.
🧠 Семинар аясында психология ғылымдарының кандидаты Избасарова Сауле Ишановна, Психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жукешева Жанар Данагатовна, «AQNIET» қорының психологы Жанабергенова Жұлдыз Хабибуллақызы баяндамаларын жасады.
Сонымен қатар семинар барысында радикалды діни идеологияның ықпалынан зардап шеккен тұлғаларды оңалту, әлеуметтік бейімдеу және дерадикализациялау мәселелері қарастырылды.
💬 Баяндамалар аяқталғаннан кейін қатысушылар кәмелетке толмағандар арасындағы радикалдануды алдын алу, психологиялық диагностика әдістері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл ерекшеліктері, сондай-ақ деструктивті идеология ықпалына бейім жасөспірімдерді анықтаудың практикалық тетіктері бойынша спикерлерге сұрақтар қойды.