7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай, «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Dara» қыздар мектебінің оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне танымдық экскурсия өткізілді.

Экскурсия жоғары қызығушылық тудырды: қатысушылар тарихи экспонаттармен мұқият танысып, гидке мазмұнды сұрақтар қойып, белсенділік пен шынайы қызығушылық танытты. Іс-шара барысында орындалған патриоттық әндер ерекше әсер сыйлап, кездесудің маңыздылығын арттыра түсті.

Шараның маңызды сәттерінің бірі — қыздардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын 🇰🇿 мақтанышпен ұстауы болды. Бұл олардың ұлттық құндылықтарға, ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін айқын көрсетті.

Аталған экскурсия жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, патриоттық санасын арттыруға және рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.