
Іс-шараны Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетімен бірлесіп ұйымдастырылды
Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, өңірлік дін істері басқармаларының басшылары, сондай-ақ қарасты ұйымдардың директорлары қатысты.
Жиын барысында:
* діни саладағы заманауи сын қатерлер мен тәуекелдер
* мемлекеттік саясатты жетілдіру тетіктері
* ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі
* ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
Сонымен қатар, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру және басқарушылық шешімдерді жаңа әлеуметтік және цифрлық жағдайларға бейімдеу бағыттарына назар аударылды.
Осы аяда «TASPA» ақпараттық-талдау жүйесі таныстырылды.
Аталған жүйе жасанды интеллект технологиялары арқылы интернет-контентті мониторинг жасауға, өңдеуге және талдауға мүмкіндік беретін заманауи бағдарламалық кешен болып табылады.
Семинар тәжірибе алмасуға және ортақ тәсілдерді қалыптаст�