Діни материалдарды заңсыз тарату: Дарын Мубаров жылына екінші рет жауаптылыққа тартылды

Діни материалдарды заңсыз тарату: Дарын Мубаров жылына екінші рет жауаптылыққа тартылды

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқаны үшін «уағызшы» деп аталатын Дарын Мубаровты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Айта кету керек, бұған дейін, 2025 жылғы қазанда ол осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Осылайша, азамат бір жыл ішінде заң талаптарын қайтадан елемеген.

Аталған факт бойынша басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды (осы баптың 1-бөлігінің 3) тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау).

Сот шешімімен Д. Мубаров әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, бұл қазіргі уақытта 865 000 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін және діни мазмұндағы материалдарды таратудың белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеу керектігін еске саламыз.