2025 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры «Ұлттық бірегейлік және рухани құндылықтар: Тәуелсіздік жағдайында дамудың жаңа бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысының өткізілуі жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайту, рухани құндылықтарды дамыту, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан жағдайында конфессияаралық өзара іс-қимылдың тиімді бағыттарын айқындау.
Дөңгелек үстелге діни бірлестіктер басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, сондай-ақ құқық және қоғамдық институттар саласының мамандары қатысады.
Шара қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайтуға, ортақ құндылықтық кеңістікті қалыптастыруға және мемлекет пен діни институттар арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.
Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Көшқали Қайролла Дүйсешұлы, Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бакиров Бауыржан Жалелович, Maqsut Narikbayev University Конституциялық және саяси зерттеулер институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Оразбаева Алия Алкеновна, Республикалық Ұйғыр этномәдени бірлестігінің Астана қ. өкілдігінің басшысы Наргизам Дильмуратқызы Махмудова, сондай-ақ діни бірлестіктер жетекшілері мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.
Іс-шара қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті ұйымдар мен мекемелердің жұмысына енгізу үшін жолданады.