«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

2025 жылғы 11 қазан күні елордада «Таза Қазақстан» атты жалпықалалық экологиялық акция өтті. Шараға Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы, «Діндерді зерттеу орталығы» КММ және «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының ұжымдары белсене қатысты.

Акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда табиғатқа жанашырлық сезімін арттыру болды.

Қатысушылар қала аумағында сенбілік өткізіп, қоқыстарды жинап, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Бұл бастама табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, жастарды туған жердің тазалығына бейжай қарамауға шақырады.

Осындай игі шаралар елорданың экологиялық келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында бірлік пен ортақ жауапкершілік рухын нығайтады.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыруды жоспарлап отыр. 🌱