Семинарға Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қ. Көшқали, Құқық қорғау органдары академиясының кафедра меңгерушісі Б. Нұрмағамбетов, Дін істері комитетінің басқарма басшысы Н. Сейтқазин, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Д. Кенжалин және Конфессияаралық және өркениетаралық диалог орталығының сарапшысы А. Снадин қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – сотталғандарды дерадикалдандыру мен қоғамға бейімдеудің тиімді тәсілдерін талқылап, саладағы оң тәжірибелермен алмасу болды. Соңында қатысушылар мамандарға сұрақтар қойып, пікір алмасты.