«Ұрпақтар диалогы: рухани тәлімгерлік пен жастар көшбасшылығы жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел

«Ұрпақтар диалогы: рухани тәлімгерлік пен жастар көшбасшылығы жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел

22 шілде Астана қаласында «Ұрпақтар диалогы: рухани тәлімгерлік пен жастар көшбасшылығы жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шарада Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Дүйсешұлы баяндама жасап, жастармен жүргізіліп жатқан маңызды жұмыстарға тоқталды.
Баяндамада жастардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын алу, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу – бүгінгі күннің басты міндеті екені айтылды.
Басқарма тарапынан оқу орындарында ақпараттық кездесулер, ашық сұхбаттар, пікірталас алаңдары, сондай-ақ жастар мен дін мамандары арасындағы байланыс тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Қайролла Дүйсешұлы өз сөзінде:
«Жастар – тек ел болашағы емес, бүгінгі күннің де маңызды қозғаушы күші. Олардың рухани иммунитетін күшейту, тәрбиесіне көңіл бөлу – ортақ жауапкершілік», – деп атап өтті.
Аталған дөңгелек үстел – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, жаңа идеялар мен бастамаларға жол ашты.