А.ж. 8 шілдеде Астана қаласында, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры Ұлттық домбыра күніне орайластырылып, еліміздің рухани-мәдени өміріндегі маңызды оқиғасы болатын Қазақстандағы түрлі діни бірлестіктердің өкілдеріне арналған «Дала үні – Домбыра» атты І Республикалық фестивалін ұйымдастырып өткізеді.
Фестивальдің басты мақсаты — ұлттық рухани мұраның ажырамас бөлігі болып табылатын домбыра өнері арқылы конфессияаралық диалогты нығайту, бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін және өзара құрметті дамыту. Іс-шара дәстүрлі қазақ мәдениетінің діни сенімге қарамастан біріктіруші күшке ие екендігін айқын көрсетті.
Фестивальде қазылар алқасының құрамында күйші-домбырашы, ұстаз, фольклортанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Айтжан Тоқтаған, Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының мүшесі, "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының көркемдік жетекшісі, Республикалық конкурстардың лауреаты Жасұлан Наурызбайұлы, Қазақ халқының мұрасы, ұлттық өнерді насихаттап келе жатқан күйші, «Құрмет» орденінің иегері Сәрсенғали Жүзбай, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның құрметті мүшесі, «Алқа» радиосының бас редакторы Серік Сейітман.
Фестивальге Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Байкен, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы Ә. Хатиев, өңірлік дін істері басқармаларының басшылары, Астана қаласы әкімдігі басқармаларының басшылары, сондай-ақ Астана қаласындағы діни бірлестіктердің жетекшілері мен жамағаты шақырылды.
Фестиваль екі кезеңнен тұрады: Домбырада жеке орындаушылық шеберлігі және домбырамен ән, терме және жырларды вокалды-аспаптық орындауы бағаланады.
Жүлде қоры 2 миллион теңгеден асады. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.
Фестивальге еліміздің 15 өңірінен 21 қатысушы қатысады.