ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

А. ж. 27 мамырда «Заң және тәртіп» іс-шаралары аясында, Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін бірлестіктерінің басшылары мен олардың жастар қанатының қатысуымен «Заң және тәртіп: қоғамдық тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

Іс-шара барысында діни қызмет саласындағы заңнамалық талаптар түсіндіріліп, құқықтық тәртіпті нығайтуда діни қауымдастықтар мен жастар бастамаларының рөлі, өзара құрмет, төзімділік пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын ілгерілету мәселелері талқыланады.

Дөңгелек үстел аясында діни ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы жөніндегі тәжірибелермен алмасу, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету контекстіндегі діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздерін, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мен экстремизмнің алдын алудағы жастардың рөлін, конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты нығайту арқылы қоғамдық қатынастарды үйлестіру мәселелері қарастырылады.