«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Астана қаласының Активтер  және мемлекеттік сатып алу басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің қызметінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне  ішкі талдау жүргізу туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы 8-бабының                   5-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілсін:

1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең 2024 жылғы 15 маусымнан 2025 жылғы 31 мамырға дейінгі кезең болып белгіленсін.
  3. Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 2 мамырдан 2025 жылғы 16 маусымға дейінгі мерзімде жүргізілсін.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге басшылық, үйлестіру және жауаптылық Басқарма басшысының орынбасары Ж.М. Дәулетовқа жүктелсін.
  5. Жұмыс тобы:

1) 2025 жылғы 2 маусымнан кешіктірмей интернет-ресурста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуын хабарландыруды қамтамасыз етсін;

2) 2025 жылғы 10 маусымнан кешіктірмей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды қамтамасыз етсін;

3) 2025 жылғы 1 шілдеге қарай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманы келісуді және оған қол қоюды қамтамасыз етсін;

4) 2025 жылғы 1 шілдеге қарай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етсін;

5) 2025 жылғы 3 шілдеге қарай Басқарманың интернет-ресурсында талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспарын орналастыруды қамтамасыз етсін;

6) аналитикалық анықтамаға қол қойылған сәттен бастап бір жыл бойы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингін жүргізсін;

7) 2025 жылғы 27 маусымнан кешіктірмей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесін жасауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Басқарма басшысы                                                                  Н. Алимжанов