«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АҚПАРАТ

«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу  басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы  АҚПАРАТ

2025 жылғы 27 наурызда «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес, 2025 жылға арналған № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылғы 2 мамырдан бастап 17 маусым аралығында «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде СЖТІТ жүргізіледі.

СЖТІТ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

СЖТІТ даярлау және өткізу барысында мынадай ресімдер жүзеге асырылады:

  1. Басқарманың интернет-ресурсында СЖТІТ өткізуді бастау туралы хабарландыру – 2025 жылғы 17 сәуірге дейін;
  2. СЖТІТ өткізуді туралы бұйрықты бекіту – 2025 жылғы 24 сәуірге дейін;
  3. СЖТІТ бастау – 2025 жылғы 2 мамырға дейін;
  4. Басқарманың интернет-ресурсында СЖТІТ нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы хабарландыру – 2025 жылғы 2 маусымға дейін;
  5. СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау – 2025 жылғы 10 маусымға дейін;
  6. СЖТІТ нәтижелері бойынша аналитикалық анықтамаға қол қою – 2025 жылғы 1 шілдеге дейін;
  7. СЖТІТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу – 2025 жылғы 1 шілдеге дейін;
  8. Басқарманың интернет-ресурсында аналитикалық анықтаманы және Іс-шаралар жоспарын орналастыру – 2025 жылғы 3 шілдеге дейін;
  9. СЖТІТ қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингі – аналитикалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл бойы;
  10. СЖТІТ қорытындысы бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесін жасау – 2025 жылғы 27 маусымға дейін.

 

«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша мына телефон бойынша жүгінуді сұраймыз: + 7 (7172) 55-01-67 («Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі жинақтау және мемлекеттік сатып алуды талдау бөлімі).