Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

 

 

 

 

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың 2035 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасы әзірленуде. Бас жоспарды әзірлеу барысында 2021 жылғы 02.01 ҚР Экологиялық кодексінің 7-тарауының 2-параграфына сәйкес Бас жоспарға стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу бойынша пилоттық жоба орындалуда. Қазіргі уақытта пилоттық жоба шеңберінде стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есептің қамту саласын айқындау рәсімі жүргізілуде. Осы рәсім шеңберінде, стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есепке енгізілуге жататын ақпараттың көлемі мен талдап тексеру дәрежесі айқындалады.

Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есептің қамту саласын анықтау рәсімінің міндетті бөлігі, ерекше назар аударуды қажет ететін және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты сұрақтарды анықтау үшін қоғамның ескертулері мен ұсыныстарын жинау болып табылады.

Осыған байланысты Нұр-сұлтан қаласының Әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Сіздерді 2022 жылдың 28 шілде мен 18 тамыз аралығындағы кезеңде экологиялық-әлеуметтік сауалнаманы (бейесімді) өтуді ұсынады.

Сауалнама сұрақтарының жауаптары, сондай-ақ Сіздің пікірңіз бойынша ескеруге пайдалы болатын ескертулер мен ұсыныстар назарға алынады және стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есепке енгізілетін болады.

Сіз өзіңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 2022 жылдың 28 шілде мен 18 тамыз аралығындағы кезеңде m.kadyrbekova@ecogeo.gov.kz, n.dauletyarova@ecogeo.gov.kz  электронды мекенжайларына жібере аласыз.

Экологиялық-әлеуметтік сауалнама сұрақтарына сілтеме: https://survey.questionstar.ru/a8e8a937

«Нұр–Сұлтан қаласын дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспарына» «Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есептің қамту саласын анықтау» есебіне сілтеме: https://ecoportal.kz/

Бізге Сіздің пікіріңізді білу өте маңызды!