
АНОНС «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АҚПАРАТ
16 сәуір 2026 жыл Астана қаласы
2026 жылғы 31 наурызда «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес, 2026 жылға арналған № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылғы 4 мамырдан бастап 17 маусым аралығында «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде СЖТІТ жүргізіледі.
СЖТІТ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ даярлау және өткізу барысында мынадай ресімдер жүзеге асырылады:
«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша мына телефон бойынша жүгінуді сұраймыз: + 7 (7172) 55-01-67 («Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі жинақтау және мемлекеттік сатып алуды талдау бөлімі).
__________________________