Коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша көпшiлiктiк тыңдау өткізу туралы хабарлама

Коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша  көпшiлiктiк тыңдау өткізу туралы хабарлама

«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу  басқармасы» ММ коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша көпшiлiктiк тыңдау өткізу туралы хабарлайды.

Көпшіліктік тыңдау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес өткізіледі.

«Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығына сәйкес, БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін 2026 жылғы 17 наурыз сағат 17:00-ге дейін t.sabyrov@astana.kz электрондық поштасына ресми сұранысты жолдау қажет.

Өткізу күні мен уақыты:

2026 жылғы 18 наурыз, басталуы сағат 10:00.

Өткізілетін орны:

Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57 (Бейбітшілік және келісім сарайы), 8-қабат, конференц-зал

Байланыс нөмірлері:

55-68-15

55-01-68

8-771-255-14-99