«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау туралы АҚПАРАТ  

«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау туралы АҚПАРАТ  

«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау туралы АҚПАРАТ  

30 мамыр 2025 жыл                                                                      Астана қаласы

 

2025 жылғы 27 наурызда «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес, 2025 жылға арналған № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылғы 2 мамырдан бастап 17 маусым аралығында «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде СЖТІТ жүргізілуде.

2025 жылғы 10 маусымда Басқарманың қызметінде СЖТІТ жария талқылауды жүргізу жоспарлануда.

СЖТІТ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша мына телефон бойынша жүгінуді сұраймыз: + 7 (7172) 55-01-67 («Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі жинақтау және мемлекеттік сатып алуды талдау бөлімі).

 

__________________________