Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын А. Кенжин көшесінен Д. Бабатайұлы көшесіне дейінгі учаскеде Жаңақоныс көшесінің жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 8-9 мамыры аралығында осы учаскедегі қозғалыс толығымен жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.