Астанада биыл ауқымды құрылыс маусымы басталды:

Астанада биыл ауқымды құрылыс маусымы басталды:

Астанада биыл ауқымды құрылыс маусымы басталды: көше-жол желісін салу, қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Осыған дейін тоқтатылған жобалар жанданып, жаңаларын қарқынды жалғастыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстың арқасында мүмкін болды. Көшелердегі көлік қозғалысының шектелуіне байланысты уақытша қолайсыздықтар алдағы уақытта қозғалыс жылдамдығының артуына, қауіпсіздікті және жайлылықты жақсартуға мүмкіндік береді.
Осылайша, бірнеше жыл бұрын қаржыландырудың жоқтығынан және мердігерлердің міндетін орындамауына байланысты тоқтатылған жобалар қайта жанданды. 2024 жылы жобаларды түзету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Нәтижесі де көп күттірген жоқ, жобалар «орнынан қозғалып», тиісінше қала көркейіп келеді.
Мұндай нысандардың ішінде:
- Ш. Бейсекова көшесі мен Н. Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айрығы. 2022 жылы жоба басталған, бүгінде бұл жұмыс қайта жанданып, қарқынды жүріп жатыр. Биыл Ш.Бейсекова көшесінің Н.Тілендиев даңғылы арқылы кедергісіз өтуін қамтамасыз ететін өтпе жолдар мен съездердің металл аралықтарын аяқтау жоспарланып отыр.
- Бұқар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін салу. Бұл жұмыс осы жылдың 18 сәуірінде басталды. Жоба бойынша асфальт төсеу ғана емес, толықтай абаттандыру да қарастырылған: тротуарлар, жарықтандыру, бағдаршамдар, инженерлік желілер. Оны жыл соңына дейін жоспарланып отыр.
- Қайсенов көшесі Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырау көшесіне дейін. 2025 жылы мұнда толыққанды жол жүру қамтамасыз етіледі.
- Әйтеке би көшесі Қ.Мұхамедханов көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде. Түзетілген жобадан кейін құрылыс жұмысы 2025 жылдың маусымында жалғасады. Жобаны жүзеге асыру 2019 жылы басталып, тоқтап қалған.
- Бөкейхан көшесін Керей-Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін қайта жаңарту. Биыл жол бөлігін кеңейту және іргелес аумақты абаттандыру жұмысы басталады.
- Ақан сері көшесі Тілендиев даңғылынан Оқжетпес көшесіне дейін. Жоба 2012 жылы басталды, бірақ жер сатып алу мәселесіне байланысты тоқтатылған. 2025 жылы жобаны жалғастыру жоспарланып отыр.
- Мұхамедханов көшесі Қорғалжын тас жолынан Айтматов көшесіне дейін. Құрылысы өткен жылы басталған. Биыл жол қозғалысын қамтамасыз ете отырып, ары қарай жалғасып жатыр, бұл Айтматов пен Қорғалжын тасжолының қиылысына түсетін кептелісті азайтады. Бұрын сипатталған нысандар бойынша 2025-2026 жылдары Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол жүруді қамтамасыз ету арқылы жүргізуді жоспарлап отыр.
Тұрғын үй алаптарын дамыту да басты назарда. 2025 жылы қаланың алты тұрғын алабында жол қозғалысын қамтамасыз етуге, абаттандыруға және инженерлік коммуникацияларды жүргізуге бағытталған 8 маңызды жоба іске асырылып жатыр.
1. Оңтүстік-Шығыс (сол жағы), 1 кезең. 6 көше бойынша жол қозғалысы қамтамасыз етілді. Қозыбасы, Бурабай және Хантау көшелерін көгалдандыру және абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.
2. Оңтүстік-Шығыс, 2 кезең. 14 көшенің 7-еуі салынды. Биыл Бекарыс, Силета, Тұлпар, Жаңарыс көшелеріндегі және Қобыланды батыр көшесінің кәріз жүйесіндегі жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.
3. Көктал-1, 2 кезең. 10 көшенің 9-ы салынды. 2025 жылы Естай көшесінің құрылысы аяқталады.
4. Интернациональный, Мичурино, Куйгенжар тұрғын алаптарындағы сыртқы электрмен жабдықтау желілері. Жоба аясында кабельдік каналдың құрылысы және тарату қосалқы станциясының құрылысы қарастырылған. Бүгінгі таңда кабельдік арнаны жайластыру жұмысы жүріп жатыр.
5. Интернациональный тұрғын алабы. Биыл бұрын салынған көшелердің (8 көше) су құбырын қоршауды аяқтау және орталық су құбырына қосу, КСС (кәріз сорғы станциясы) құрылысын аяқтау және бұрын салынған көшелерді (8 көше) орталық шаруашылық кәрізіне қосу, сондай-ақ 3 көшенің (Қарқара, Өркениет және Мереке) құрылысын бастау жоспарланып отыр.
6. Теміржолшылар. 5 кезең бойынша 19 көше салу. 2025 жылы 1-кезеңде Екібастұз, Көкжазық, Креативная, 33 және Горький көшелері аяқталады. Жұмыс маусым айында басталады.
7. Комсомольский, 4 кезең. Жобаны түзету жүріп жатыр. Е32 және Е489 көшелерін абаттандыру және көгалдандыру жұмысы бюджет бекітілгеннен кейін жалғасады.
8. Үркер. Мамыр айында 16 тротуар мен 5 бағдаршам салу бойынша жаңа жоба басталады. Биыл жұмыстың негізгі бөлігін аяқтау жоспарланып отыр.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындарына түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреді. Жолдарды салу және реконструкциялау – Астананы дамытудың маңызды бөлігі. Уақытша қолайсыздықтар елорда жолдарының сапасын едәуір жақсартуға, қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға айналады.