«Е-41 көшесінен Е32(Айтеке би) көшесіне дейінгі учаскеде Ж. Молдағалиев көшесінің құрылысы» жобасын іске асырудың басталуына байланысты Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Ж. Молдағалиев көшесінің құрылысы бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 29 сәуір мен 30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен орамішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.
Автобус маршруттарындағы өзгерістер схемасымен жоғарыда жүктелген суреттерден көре аласыз
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.