«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Ш. Бейсекова және Н. Тілендиев даңғылдарының қиылысында екі деңгейлі жол айрығын салу шеңберінде қиылыстың толық жабылуын талап ететін жұмыстар жүргізу жоспарланғанын хабарлайды.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Ш. Бейсекова және Н. Тілендиев даңғылдарының қиылысында екі деңгейлі жол айрығын салу шеңберінде қиылыстың толық жабылуын талап ететін жұмыстар жүргізу жоспарланғанын хабарлайды. Осыған байланысты қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жылжыту арқылы уақытша жолда ұйымдастырылады.

Жұмыстар ағымдағы жылдың 1 мамырынан 1 тамызына дейін жүргізілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.