Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Әл-Фараби даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылынын орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.