Бұхар Жырау көшесі бойынша жұмыстыр қайта жалғастырылды
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап 2020 жылы басталған «№ 37 көшеден (Жошы хан) Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде Бұқар Жырау көшесінің құрылысы» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталғанын хабарлайды.
Жоба тротуарларды, көшелерді жарықтандыруды, іргелес аумақты абаттандыруды, сондай-ақ бағдаршам объектілерін орнатуды көздейді. Алдыңғы мердігерлік ұйыммен шартты бұзу рәсіміне байланысты жұмыстар тоқтатылды.
Бүгінгі күні «ҚазГерСтрой» ЖШС-мен шарт ресми түрде бұзылды. Өткізілген конкурстық рәсімнің қорытындысы бойынша жаңа мердігер ұйым – «Казэнергоинвест» ЖШС анықталды, ол құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға кірісті.
Жобаның аяқталуы ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.
Жұмыстарды жүргізуге байланысты түсіністік пен уақытша қолайсыздықтар үшін алғыс айтамыз!