Қаладағы көше-жол желісін жөндеу және дамыту жоспары
Қалада биылғы жылы 72 км ұзындықта 60-тан астам көшеде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізімі келесідей:
• Жанақоныс көшесі, А. Кенжин көшесінен Д. Бабатайұлына дейін;
• Карталы көшесі, Окжетпес көшесінен М. Дулатов көшесіне дейін;
• Алаш тас жолы, 191 көшесінен айналма жолға дейін;
• Қорғалжин тас жолы (тратуарларды салу);
• Абылайхан даңғылы, Б. Момышұлы даңғылынан Манас көшесіне дейін;
• М.Жұмабаев көшесі, Б. Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейін;
• С.Сейфуллин көшесі, Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін.
Барлық жұмыстар ағымдағы жылы аяқталып, қаланың көше-жол желісін жаңарту мен жақсартуға бағытталады.
Сонымен қатар, құрылыс аясында келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:
• К. Қайсенов көшесін Бухар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін салу;
• Бухар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Аль-Фараби даңғылына дейін салу;
• Күйші Дина көшесін Мирас мектебінен М. Жұмабаев көшесіне дейін салу және басқа да жобалар.
Бұл жобалар қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға, жаңа көшелер мен жолдар салуға бағытталған.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 19–25 сәуірі аралығында Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Сарайшық/Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығынан бастап Ф. Оңғарсынова көшесіне дейінгі аралықта жол жабынының үстіңгі қабатын ауыстыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетінін хабарлаймыз.
Аталған жұмыстар кепілдік міндеттемелер аясында жүзеге асырылады және «Энергодор» ЖШС мен «АБЗ плюс» ЖШС мердігер ұйымдарының қаражаты есебінен орындалады.
Осыған байланысты, көрсетілген кезеңде жол учаскесі жартылай жабылады. Көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, бұл ықтимал кептелістер мен уақытша қолайсыздықтардың алдын алуға көмектеседі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз.