Сығанақ көшесінен Қорғалжын ш. дейінгі учаскеде автобус жолақтарымен өтуге уақытша рұқсат етілді

Сығанақ көшесінен Қорғалжын ш. дейінгі учаскеде автобус жолақтарымен өтуге уақытша рұқсат етілді
Сығанақ көшесінен Қорғалжын ш. дейінгі учаскеде автобус жолақтарымен өтуге уақытша рұқсат етілді
 
Қонаев көшесіндегі "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңартуға байланысты ағымдағы жылдың 19 ақпанынан бастап жол қозғалысын ұйымдастыруға уақытша өзгерістер енгізілді. 
 
Тұран даңғылында Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскеде көлік жүктемесін азайту үшін Bus Lane автобус жолақтарымен өтуге уақытша рұқсат етіледі.
 
Елорда тұрғындары мен қонақтарын елорда жолдарындағы өзгерістерді түсініп, назарға алуды сұраймыз.
 
Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталғаннан кейін жол белгілері ашылады. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми дереккөздерде қосымша жарияланатын болады. 
 
Автокөлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін сақтауды және Қонаев көшесінің жабық учаскесін қоспағанда, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша ағымдағы жылдың 19 ақпанынан 30 қазанына дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады.