Қонаев көшесі бойынша 19 ақпаннан бастап уақытша шектеулер енгізілуде
Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында қазіргі заманғы қауіпсіздік стандарттары мен жаяу жүргіншілерге ыңғайлылықты ескере отырып, Қонаев көшесі бойындағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жерде жаяу жүргіншілер өткелін реконструкциялауды жалғастыру жоспарлануда.
Осыған байланысты, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша ағымдағы жылдың 19 ақпанынан 30 қазанына дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.