Қазіргі уақытта Тұран даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Тұран даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Тұран даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 22-26 сәуір аралығында Тұран даңғылының келесі учаскесі - Бұқар жырау көшесінен бастап Хусейн бен Талал көшесіне дейін ішінара жабылады. Бұл ретте көрсетілген учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) жүзеге асырылатын болады.

Бұған дейін хабарланғандай, жол төсемінің орташа жөндеу Тұран даңғылы бойынша Керей Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде жүргізіледі (2023 жылы Тұран даңғылы бойынша Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол жұмыстары жүргізілген). Жұмыстар учаскелердің тоқсан сайын жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде қалалық қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертілетін болады. Бұл туралы “City Transportation Systems" ЖШС ресми сайтында танысуға болады cts.gov.kz Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.