"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Ж.Тәшенов көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды. 

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 21 сәуірінен 5 мамырына дейін Республика даңғылынан Амман көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылатын болады.
 
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде қалалық қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертілетін болады. Бұл туралы “City Transportation Systems" ЖШС ресми сайтында танысуға болады cts.gov.kz Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде.
 
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.