Ағымдағы жылы Керей Жәнібек хандары көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде Тұран даңғылының бойындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда (2023 жылы Тұран даңғылында Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол жұмыстары жүргізілді). Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілетін болады

Ағымдағы жылы Керей Жәнібек хандары көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде Тұран даңғылының бойындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда (2023 жылы Тұран даңғылында Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол жұмыстары жүргізілді). Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
 
Ағымдағы жылдың 19-24 сәуір аралығында Керей Жәнібек хандары көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты Сығанақ көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі Тұран даңғылының учаскесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (қаладан әуежайға қарай) жүзеге асырылатын болады.
 
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде қалалық қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертілетін болады. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС cts.gov.kz ресми сайтында және Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде танысуға болады.
 
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.