Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жаңажол көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлаймыз.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 9 бен 10 қыркүйек аралығында Алаш тас жолынан бастап Мұнайшылар көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен
қарауды сұраймыз.