"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы" MM жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында Астана каласының ПД әкімшілік полиция Басқармасымен келісе отырып, Тұран даңғылының орташа жол жөндеу жұмыстарының жүргізуі туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 21 маусым күні сағат 21:00 бастап 22 маусым күні сағат 12:00-ге дейінгі аралығында автокөлік құралдары үшін Тұран және Қорғалжын тас жолы көшелерің қиылысында қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 22 маусым күні сағат 21:00 бастап 23 маусым күні сағат 12:00-ге дейін аралығында Тұран даңғылы мен Сарайшық көшелерінің қиылысында қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз
маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен
қарауды сұраймыз.