Астанада Бурабай көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 4-15 мамырдың аралығында Абылай хана даңғылынан М. Толебаев көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана қаласы ПД әкімшілік полиция Басқармасымен келісілді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды