Елордада ақылы автотұрақтар үшін кейінгі төлем енгізілді

Елордада ақылы автотұрақтар үшін кейінгі төлем енгізілді

 

Астана қаласында  ақылы автотұрақтарды кейін төлеу функциясы іске қосылды.  Жаңа мүмкіндік автокөлік иелері үшін қазірдің өзінде «Парковки Астаны» мобильді қосымшасында және astanapark.kz сайтындағы жеке кабинетте қолжетімді.

"Біз пайдаланушылардың кері байланысын есепке алдық. Енді көлік тұрағын күнібойы төлеуге болады. Ақы төлеу кезінде тұрақ аймағының нөмірін, тұрақ сессиясының басталуы мен ұзақтығын көрсету, техникалық паспортқа сәйкес автомобильдің мемлекеттік нөмірін дұрыс енгізу қажет. Төлем сол күні сағат 23:59-ға дейін жүргізілсе, айыппұл түспейді», - деп ЖШС «Парковочное пространство Астаны» баспасөз қызметі хабарлайды.

Автотұрақтарды пайдалануды үнемдеу үшін абонементтер қолданылады. Абонемент иелері қала бойынша барлық ақылы аймақтарда көліктерін акылы  тұраққа қоя алады-тіркеу жүйесі төлемнің болуын автоматты түрде анықтайды. Жеңілдігі бар  санаттағы азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар тұлғалар үшін тұрақ тегін.

Ақылы автотұрақтар әкімдіктің бекітілген ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Ақылы автотұрақтар Астана қаласының меншігінде. Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзған азаматтар үшін айыппұл 3 АЕК құрайды.

Демалыс және мереке күндері автотұрақтар тегін. Ақылы тұрақтардың жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін.