
Қала тұрғындары мен қонақтарына Ақмешіт және Алматы көшелерінің қиылысында «Астана қаласының Есіл ауданындағы Алматы көшесі бойымен көлік туннелін салу жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты 19 қыркүйек күні сағат 21:00-ден бастап аталған қиылыста көлік қозғалысы толықтай шектеледі.
Қозғалысты шектеу жыл соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда.
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында жол белгілері мен бағыттағыш көрсеткіштер орнатылады.