
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Н. Тлендиев даңғылынан Оқжетпес көшесіне дейінгі учаскедегі Ш. Бейсекова көшесінің құрылысын салу» жобасы аясында инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 12 мен 13 қыркүйек күндері Шақпақ көшесінен Мұса Жалел көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Бейсекова көшесінде автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.