
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Төле би көшесінің құрылысын салу» жобасы аясында жол жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 12 мен 13 қыркүйек күндері Бұқар Жырау мен Төле би көшелерінің қиылысында автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.