
Қала тұрғындары мен қонақтарына Ш. Бейсекова/Бейбарыс Сұлтан/Ш. Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен 11 қыркүйегіне қараған түні сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.