
Ш. Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықта жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 25-29 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.