
Қала тұрғындары мен қонақтарына Жетиген көшесінің Алаш тасжолы мен А. Пушкин көшесі аралығындағы учаскесінде жол төсеміне маршруттық жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты:
21 тамыз сағат 21:00-ден 22 тамыз сағат 07:00-ге дейін;
22 тамыз сағат 21:00-ден 23 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы толық шектеледі.
Жол жөндеу жұмыстары көлік кептелістерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында түнгі уақытта жүргізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.