
Ағымдағы жылғы 24-27 шілде аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінде Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз.