
Еске саламыз, «Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықта Алматы көшесі бойымен көлік тоннелін салу» жобасы аясында 18 маусымнан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі Алматы көшесінде көлік құралдарының қозғалысы толықтай жабық.
Сонымен қатар, 20 шілдеден бастап ағымдағы жылдың соңына дейін Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейінгі Алматы көшесінің учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылатынын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Алматы көшесі мен Сауран көшесінің, Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылыстары ашық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.